Айдарлы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай мұрасы мәңгілік мұрасы» атты кітап көрмесі


Айдарлы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы «Ұлттық салт дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» – екендігін мейлінше терең ашып берді. Рухани қазынамыздағы тарам – тарам салалар Абайдың даналығы, Әуезовтің – ғұламалылығы, Жамбылдың – жырлары, Құрманғазының күйлері ғасырлар қойнауын кернеген бабалар сөзі бүгінгі ұрпақ игілігіне айналуы шарт деген болатын. Осы бағдарлама аясында кітапхананың оқу залында мектеп оқушыларымен бірлесе отырып, Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлыныңтуғанына 175 жыл толуына «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты танымдық кеш өткізілді. Шараның мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін, қара сөздерін мәнерлеп оқыту. Сөз өнерінің, қыр-сырларымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге көмектесу. Жастарды туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы Ұлы Абайдың өмір жолы, шығармаларымен таныстырды. Кітапхананың қарт оқырманы Әбжанова Ұлсары апай Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқып оның мағынасын балаларға түсіндіріп кемеңгер Абайдың шығармаларын үзбей оқып тұруға және Мұхтар Әуезов аталарының «Абай жолы» романын міндетті түрде оқуға кеңес берді. Абай жолын көбірек білгің келсе «Абай жолын» ерінбей оқып шығуға кеңес берді. Ұрпақты тәрбиелейтінде, рухымызды асқақтататында бағзыдан жеткен асыл қазыналарымыз. Абай мұрасын бүгінгі жас буын зор сергектікпен керек десеңіз перзенттік махаббаттарымен қарауы керек. Абайға құрмет – қазақтың әдебиеті мен тіліне, тарихы мен болашағына құрмет екендігін жастар бағалай ұғынған сияқты. Абайдың өлеңдерін оқыған әрбір жастың бойынан мен соны көргендей боламын. Әрқашан Абай аталарыңның өлеңдері мен қара сөздерін оқып, қара сөздерінің әрбір сөзіне мән бере оқысаңдар әліде алатын қасиетті сөздерді мол деп ойлаймын»- деп өз пікірін білдірді. Кеш барысында «Абай мұрасы мәңгілік мұрасы» атты кітап көрмесімен таныстырып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.