«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты әдеби шолу


«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты әдеби шолу өтті. Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Бұл жөнінде талай дәлелді сөздер айтылды, алдағы уақытта айтыла да бермек. Осыған орай кітап қорындағы Абайтанушы зиялы қауымның еңбектері оқырман қауым назырына ұсынылды. Олар 2020 жылы келіп түскен «Ұлы дала тұлғаларының даналық сөздері», Ә. Сауатұлының «Ғаламның жыр данасы» кітабы және кітап қорында бұрыннан бар «Абай туралы естеліктер», Ғарифолла Есім «Хакім Абай», Жұмағали Ысмағұловтың «Абай: Даналық дәрістері» атты кітаптары.

Сырдария аудандық орталық кітапхана Ұлы Абайдың 175 жылдық мерей тойына орай "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе" атты әдеби таныстырылымда әдебиеттанушы зиялы қауымның Абай жайлы еңбектерін ұсынып отыр.

Опубликовано Сырдарией Аудандық Орталық Кітапханой Четверг, 20 августа 2020 г.