Асқар Тоқмағамбетов ауылдық кітапхананың ұйымдастырумен “Өлмейтұғын артында сөз қалдырған” атты поэзия кеші


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық кітапхананың ұйымдастырумен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған “Өлмейтұғын артында сөз қалдырған” атты поэзия кеші болып өткізіліп, шараға «Шабыт» поэзия клубы мүшелері, мектеп оқушылары, ұстаздар, ауыл ақсақалдары, кітапхана оқырмандары қатысты. Мақсаты:Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларын жатқа оқыту, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. «Сөз патшасы-өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу, мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау. Шара барысында Абайдың табиғат лирикасы өлеңін мектеп оқушылары «Қыс» Бердіхан Айниет, «Жаз» Айтбай Жансая, «Күз» Кеңесбайқызы Еркежан жатқа оқыса, Абай атамыздың образын биімдеген мектеп мұғалімі – Көшекбаев Бекболат: «Абай, шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы. Ақынның дара тұлғасы – халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық»- деп айтып өтті. Мерекелік кешті ауыл әкімі Ғ. Алданазаров оқырмандарды Абайдың шығармаларын оқуға шақырды. Абайдың әндері мен өлеңдері сахна төрінде шырқалды. «Асыл ана» әжелер ансамблі Абайдың «Көзімнің қарасы» атты әнін, Абайдың «Тор жорға» күйін Базарбаева Ақниет, жетекшісі: домбыра сыныбының мұғалімі Сералиева Гүлназ бірге жоғары деңгейде орындап шықты. Сонымен қатар Абайдың әні «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін Бәйділдаев Абылайхан орындады.Абай атамыз қазақ елің өз өнерімен бүкіл әлемге танытқанОның өлендері жан-сезіммен толы. Абай түрлі тақырыптарға жазған: махабат, табиғат, жалпы өмірдің шындығы мен өмірмен байланысты жағдайлар туралы.Оқушылар ақынның өлеңдерін, «Қара сөздерін» жатқа оқыды. Кеш соныңда Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әнін мектептің 9 сынып оқушылары хормен орындап, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады. «Абай кемел ойдың кемеңгері» атты кең көлемінде кітап көрмесін кітапханашы таныстырды. Кітап көрмесінде Абайдың жеке өмірі мен шығармашылығын жайында баяндайтын кітаптар, фотосуреттер, дәйексөздер ұсынылды.