Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен онлайн түрде «Мақсұтым тіл үйреніп, өнер шашпақ» атты Абай оқулары ағылшын тілінде


Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен онлайн түрде «Мақсұтым тіл үйреніп, өнер шашпақ» атты Абай оқулары ағылшын тілінде өткізілді. Мәдени шараға №36 мектеп оқушысы Батырханов Диас Абай Құнанбаевтың «Жастықтың оты қайдасың», Асылбекова Нұрай «Жаз» атты өлеңдерін ағылшын тілінде оқып берді.

Опубликовано Сырдарией Аудандық Орталық Кітапханой Пятница, 10 апреля 2020 г.