Ақжарма ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты поэзия марафоны


Ақжарма ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары Абайдың мәңгілік мұрасын насихаттай отырып жастар бойына ұлы дана, ойшыл, сазгер, сөз құдіретін, көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру мақсатында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына орай 27 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында ауыл жастары мен мектеп оқушылары арасында «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты поэзия марафоны өткізілді. Поэзия марафонын Ақжарма ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскері Асқарова Перизат ашып «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып барлық жастарды Абай оқуларына шақырды. Одан әрі № 130 Абай орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Кеңесова Нұрайша «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқыды, кітапханамыздың кішкентай тұрақты оқырманы Нәбиқызы Әмина «Жүрегім нені сезесің» атты өлеңін оқыса Қазбекқызы Шарифа «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңін оқып одан әрі Дауылқожа Бекзат «Күз» атты өлеңін оқып жалғастырды. Сонымен қатар тұрақты оқырмандардың бірі Темірханова Айдидар мен Еркінова Гаухар Абай атамыздың «Қыс» атты өлеңін екі тілде қазақша және орысша айтып берді. Әлі де поэзиялық марафонымыз жалғасуда келіп қатысуларыңызға болады. Кітапханада тұрақты «Абай дана – Абай – дара қазақта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеде ақынның шығармалары, өмірбаяны және щл жайлы жазылған жылы лебіздер қамтылды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Темірханова Айдидар мен Еркінова Гаухар Абай атамыздың «Қыс» атты өлеңін екі тілде қазақша және орысша айтып барша оқырмандарды поэзиялық марафонға шақырды.