Бесарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты әдеби-жыр кеші


Бесарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай орай «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты әдеби-жыр кеші №147 қазақ орта мектеп оқушылары арасында өткізілді. Мәдени шараның мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен өскелен жас ұрпаққа таныстыру. Абай атамыздың әдеби мұрасын оқушылардың бойына дарыту, насихаттап жеткізу, Абай дана, Абай дара қазақта екендігін ұғындыру. Жас ұрпақтың сана-сезімін рухани байыту. Шара барысында Абай атамыздың отыз бірінші қара сөзін Батырұлы Санжар оқыса, он төртінші қара сөзін Ахметова Жанерке оқыды. Пірназар Мәделі, Мырзағали Марғұлан, Асқаров Жан, Пірімжанқызы Бағнұр өлеңдерін жатқа айтып берді. Шара соңында «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалды. «Абай – ұлттық әдебиетіміздің алтын дінгегі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.