Бесарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың Ұлы тұлғасы» атты портрет кеші


Бесарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ халқының терең ойшыл, ұлы ақыны, Абай – қазақтың үні, қазақтың мақтанышы, қазақтың бойтұмары Абай Құнанбайевтың 175 жыл толуына орай «Ұлы даланың Ұлы тұлғасы» атты портрет кеш №147 қазақ орта мектептің оқушылары және мұғалімдердің қатысуымен өтті. Мақсаты: Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығын жас ұрпақтың бойына дарыту, насихаттау, шығармаларының кенінің таралуына ықпал жасау, Абай дара, Абай дана екендігің ұғындыру. Жас ұрпақтың сана сезімін рухани байыту. Шара барысында Борантаева Бағнұр Абай атамыздың қысқаша өмір жолынан тоқталып, Пірназар Марғұлан, Асқар Жан, Молдабай Айша, Пірназар Мағауия Абайдың «Қыс», «Күз», «Менн жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба», және қара сөздерін жатқа оқыды. «Абай дана – Абай – дара қазақта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библографиялық шолу жасалды.