Жетікөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты тақырыптық кеші


Жетікөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты тақырыптық кеш кітапхана оқырмандары мен «Желкен» әдеби-танымдық клубы мүшелерінің және №174 орта мектептің 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Кештің мақсаты ұрпағына өлмес өсиет қалдырған қазақ халқының біртуар данышпаны, ұлы кемеңгері Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармаларын насихаттау, жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, ізденімпаздыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу. Қазақ халқының терең ойшылы, ғұлама хакімі Абай – қазақтың үні, қазақтың мақтанышы, қазақтың бойтұмары. Кешті ауыл әкімі Ж.Қожахметов ашып, биылғы жылы аталып өтетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойымен құттықтап, Мемлекет Президенті Қ.Тоқаевтың жолдауында айтылған ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек деген сөзін жандандырып, атаулы мерейтойлар өз дәрежесінде насихатталу керек деп ой пікірін білдірді. Кітапханашы К.Сейтпанова Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беріп, таныстырды. Шара барысында кітапхана оқырмандары М.Мұратқызы, Н.Мәлік, Д.Кеңесова, С.Нұрланқызы, Л.Жарылқасын ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Сегіз аяқ», «Жазғытұры», «Қыс» атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, клуб өнерпаздары Т.Қалкузов «Көзімнің қарасы», Қ.Бажиева «Желсіз түнде жарық ай» атты әндерін шырқап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кітапхананың белсенді оқырманы, агроколледж студенті Нақыпбек Жансая Абайдың «Айттым, сәлем, Қаламқас» атты әнін нақышына келтіре орындап көпшілік көңілінен шықты. Кітапхананың тұрақты, ардагер оқырманы, зейнеткер ұстаз Л.Бәйменова Абай өлеңдерінің құндылығын, маңыздылығын, қазіргі жастарға үлкен тәлім-тәрбиелік мәні бар екенін айтып, «Ақыл, қайрат, жылы жүрек» деген сөздерінің мағынасын түсіндірді. Әрбір адамның бойында болу керек осы үш қасиет адамды адам ететін қасиеттер екеніне тоқталып, жастарды Абай өлеңдерін оқып, даналық ұлағатты сөздерінен тәрбие алуға шақырды. Кеш барысында «Абай мұрасы мәңгілік мұрасы» атты кітап көрмесімен таныстырып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.