Мекемтас Мырзахметұлы – 90 жас


Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлері ұлы Абайдың 175 жылдығына орай биылғы атаулы күнтізбек кестесіндегі айтулы тұлғалар еңбектерімен байланыстыра отырып Абайтанушы ғалымдар мен қаламгерлердің өмір деректері мен шығармашылықтарын оқырман назарына ұсынып, онлайн таныстырылым жасады.

Абайтанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының (1996) және «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері. “Абайтану” ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ардақты азамат Мекемтас Мырзахметұлы биыл толағай биік 90 жасты бағындырып отыр. Мәдени шараны ұсынып отырған кітапхана қызметкері профессор М.Мырзахметұлы мен Әуезов әлемі һәм Абайдың Шығысы, бұл үштағанды бөліп жаруға мүлде болмайды. Өйткені Абай тұрған жерде М.Әуезовтің, ал Абай мен Мұхтардың аты бірге аталса М.Мырзахметұлының аты қатар айтылады. Бұл Абайтану, Мұхтартану ғылымдарының бұлжымас ғылыми қағидасы деп тоқталып өтті. Осы орайда айтулы тұлғаның «Әуезов және Абай», «Абай жүрген ізбенен», «Абайтану тарихы», «Абай және шығыс», «Абайтану» атты екі томдық еңбектеріне жеке – жеке тоқталып, оқырман қауым назарына ұсынды.

https://www.facebook.com/100029223071082/videos/323177281999705/