Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Абай біртуар, ғаламдық тұлға» атты Абай оқулары


Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың бас ақыны, ағартушы, қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлына 175 жыл толуына орай «Абай біртуар, ғаламдық тұлға» атты Абай оқулары №210, №35, №36 мектеп-лицейінің оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, дана ақынның шығармаларын сүюге, көркем сөйлеуге, өз бетімен ізденуге үйретіп, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру. Мәдени шараны кітапханашы Асанова Гулмира жүргізіп, ақынның өміржолы, шығармаларымен таныстырып өтті. Шарада барысында оқушылар ақынның қара сөздерін, және өлеңдерін жатқа айтты. Айтып өтсек Әскербекқызы Еркеназ 24 қара сөзін айтса, Саматов Бекзат 17 қара сөзін айтты. Сондай-ақ Ташкенбаева Айару «Ғылым таппай мақтанба», Төленова Амина «Қыс», Әбенова Нұрдана «Күз», Саматова Гауһар «Твой язык богат»,және «Жарқ етпес көңілім не қылса да», «Саматов Бекзат «Құлақтан кіріп бойды алар», Есқараев Шыңғыс «Әсемпаз болма әрнеге» т.б өлеңдерін жатқа оқыды. Шара сонында «Абайды білі парыз ойлы жасқа»атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.