Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты үлкен мәдени-іс шара


Ақпан айының 14 жұлдызында Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты үлкен мәдени-іс шара өткізілді.

Сырдария аудандық орталық кітапханада мекеме басшысы Г.Нұржакиева қазақтың бас ақыны, қазақ көркем ойы мен өлеңінің реформаторы, жаңа замандағы жазба әдебиеттің жол ашушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жасалған «Абай – дана, Абай- дара қазақта» атты кітап көрмесін мекеме қызметкерлері мен өз оқырмандары арасында насихаттап, ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтылған тұжырымды ойларын ортаға салып, Абайдың өнегелі өмір жолымен, құлақтан кіріп,бойды алған тамаша лирикасымен, ғибратқа толы қара сөздерімен, орыс әдебиетіндегі орны жайлы, қазақ зиялыларының Абай туралы жазған жүрек жарды лебіздерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар Ұлы ақынның еңбектері жыл бойына кезең-кезеңімен халық назарына ұсынылып, түрлі мәдени шаралар арқылы кеңінен насихатталатына сенім білдірді.

Ақпан айының 14 жұлдызында Сырдария аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты үлкен мәдени-іс шара өткізілді. Мәдени шараға жиналған көпшілік қауым ен алдымен «Қазақтың даңқын әлемге танытқан ұлы Абай» атты тоғыз бөлімнен тұратын кең көлемді кітап көрмесімен танысты.Мәдени шараның жалғасында кітапхана қызметкерлері дана ғұламаның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңін үш тілде жатқа оқып, қара сөздері мен аудармаларын, табиғат лирикасы мен басқа да сан-салалы шығармашылығын қамтыды. Мәдениет үйінің қызметкерлері Н.Тұранов пен Д.Жакишева орындаған «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» өлеңдері кеш ажарын аша түсті.Әсіресе «Абай әлемі» атты шағын сахналық көрініс халық назарына айрықша ілінді. Шара барысында аға буын өкілі ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Үсенұлы, ардагер апай Ә.Масилова және «Нұр Отан» партиясының Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов, «Тіршілік тынысы» газетінің жауапты тілшісі Ш.Нұрсейтов сөз алып, ұлы тұлғаның жақұт жырлары мен ғибратқа толы қара сөздерінің ешқашан ескірмейтінін, қайта жыл өткен сайын жарқырап, ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып қала беретінін, сонымен қатар ақынның құлақтан кіріп бойды алған керемет өлеңдері әрбір исі қазақтың жанына жақын, жүрегіне жылы тиетінін дүниелер екенін зор қошеметпен жеткізді.Мәдени шараны қорытындылаған мекеме басшысы Г.Нұржакиева ғұлама энциклопедист ғалым А.Байтұрсыновтың «Абай қазақтың бас ақыны» деп ең жоғары баға бергенін тілге тиек ете отырып, ұлы ақынның осы тұғырдан ешқашан түспейтінін жеткізді. Мәдени шара ақынның «Өлді деуге бола ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген өз сөзімен түйінделді.