Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Абайтанушы ғалым – Кәмен Оразалин» атты танымдық онлайн сағаты


Маусым айының 16 жұлдызында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың шәкірті, Абай елінің талантты ұстазы, Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қаламгер, абайтанушы ғалым, «Парасат» орденінің иегері Кәмен Оразалиннің туылғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай Сырдария аудандық орталық кітапхана «Абайтанушы ғалым – Кәмен Оразалин» атты танымдық онлайн сағатын өткізді. Мәдени шараны көрерменге ұсынған кітапханашы Г.Әбенова ең алдымен айтулы тұлғаның өмір дерегі мен ерен еңбегіне тоқталып өтті. Осы орайда қаламгердің бірнеше еңбектерін айтып, таныстыра отырып, онлайн таныстырылымның тақырыбына сай жазушының «Абай ауылына саяхат», «Абайдан соң», «Абайдан соңғы арыстар» атты кітаптарына жеке-жеке тоқталып, мағлұмат берді.Алдағы уақытта оқырман қауымды ғалымның еңбектерімен етене жақын танысу үшін, оның кітаптарын алып оқуға шақырды.

Опубликовано Сырдарией Аудандық Орталық Кітапханой Понедельник, 15 июня 2020 г.