Сырдария аудандық орталық кітапханасы ұйымдастыруымен «Абай – кемел ойдың кемеңгері» атты кең көлемде кітап көрмесі


Сырдария аудандық орталық кітапхана тамыз айының 10 жұлдызында бүгін «Абай күні» деп, жарияға жар салып, өз қуаныштарымен бірге бөлісті. Халық назарына «Абай – кемел ойдың кемеңгері» атты кең көлемде кітап көрмесін ұйымдастырып, ұсынды. Таныстарылымды кітапханашы С. Сейтен Ұлы ақынның «Өзгеге көңілім тоярсың» өлеңімен бастап, оның туып- өскен ортасы, ауыз әдебиетімен сусындатып өсірген ақылды әжесі Зере мен аяулы анасы Ұлжанды, ел ісіне ерте араластырып, елімен етене жақын араласуына себепкер болған, қатал әке Құнанбай мен ақынның бауырлары мен балалары жайлы қысқаша таныстырып өтті.Одан әрі қарай Абай өлеңдері, аудармалары, тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиетін керемет әндері, Абайды ұстаз тұтқан шәкірттері, Абай жайлы жазған зиялы қауым өкілдерінің еңбектері айтылды. Сөз соңын Абайдың 31 қара сөзімен қорытындылап, тыңдарманға осы сөзде айтылғандай естеген нәрсені көңілге әбден бекітіп, көкірек сарайында сақтауды ұсынды және Абай еңбектерін оқуға шақырды.

Сырдария аудандық орталық кітапхана 10 тамыз "Абай күні" болып белгіленуіне орай "Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан" атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырып,оқырман назарына ұсынды.Осылайша Ұлы Дала Елінен -Мәңгілік Ел" болуды мақсат тұтқан қазақ жұртымен өз қуаныштарын бөлісті.

Опубликовано Сырдарией Аудандық Орталық Кітапханой Вторник, 11 августа 2020 г.