Сырдария аудандық орталық кітапхана ұйымдастыруымен «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты онлайн сағаты


Осы күні Сырдария аудандық орталық кітапхана «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты онлайн сағатын өткізді.

Мақсаты: Ұлы ақынның 10 тамыз туылған күнін, қуанышпен паш ету. Осы орайда ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқу арқылы көрерменнің жүрек түкпіре жеткізе білу. Мәдени шарада кітапхана қызметкерлері С. Сейтен және М. Әлиева ұлы ақынның қара сөздерін оқыса, кітапхананың тұрақты оқырмандары Н. Тахиров «Әсемпаз болма әрнеге», Ф. Жұматаева «Сағаттың шықылдағы емес ермек», Ф. Жұматаева, А. Керейтбаева, Ж. Тәттібай «Сабырсыз, арсыз, еріншек», Ж. Әлтаева «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», М. Маханова «Жазғытұры» атты өлеңдерін тыңдарман қауымға тамаша жеткізді. Осындай түрлі тақырыптардағы мәдени-көпшілік жұмыстар жүйе кітапханаларында өз жалғасын тапты.

Опубликовано Сырдарией Аудандық Орталық Кітапханой Понедельник, 10 августа 2020 г.