С. Сейфуллин модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби-танымдық кеші


С. Сейфуллин модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби-танымдық кеш мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қатысуымен өткізілді. Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолы мен шығармаларымен кеңінен таныстыра отырып, адамгершілікке баулу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқыту.«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»-деп ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттену ғылымдарының негізін салушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай бүгінде Абай Құнанбаевты білмейтін қазақ жоқ шығар-деп шараны кітапханашы Нұрышева Лаура кіріспе сөз бен ашып ақынның өмірі мен шығармаларына тоқталды. Шара барысында «Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен, әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Абай лебі, Абай үні – ана тынысы, заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді- деп кеш қонағы қазақ тіл, әдебиет пәнінің мұғалімі Тұрсынбаев Асылзат апай айтып өтті. Шарада №137 мектептің 6,7 сынып оқушылары Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба», «Қалың елім қазағым, қайран жұртым», «Қыс», «Есіңде бар ма жас күнің», «Әсемпаз бол ма әрнеге», «Интернатта оқып жүр», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» және 18,19 21 қарасөздері және Абай жайлы ақын-жазушылардың айтқан естеліктері оқылды. Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда.Соның бір дәлелі , Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқалары мен оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қарасөздері қытай тілінде жарық көрді-деп кеш қонағы кітапхананың тұрақты оқырманы №137 мектептің мұғалімі Бодыбаева Қалдыгүл айтып өтті. «Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» – деп Елбасымыз Абай мұрасына ерекше баға берген. Қазақ халқының ұлы ақыны, аудармашы, философ, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы мәңгілік мұра.Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті-деп шараны кітапханашы қортындылап, Мәңгілік елдің – ұлы Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Шара соңында ақын Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әні шырқалды.