Шаған ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай – адамзаттың ақыны» атты әдеби кеші


Шаған ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың оқу залында «Абай – адамзаттың ақыны» атты әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Әдеби кеште оқушылар ұлы кемеңгер, ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен танысып, өлеңдері мен қарасөздерін оқыды.

5-сынып оқушысы Мұратбекқызы Тоғжан «Күз», 7-сынып оқушысы Кәртай Орынбасар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін, Медениет үйінің директоры Медет Ербол ақынның «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін мәнерлеп оқыды. Мұратбекқызы Аружан «Жиырма төртінші» қара сөзін жатқа айтты. Абай туған елін қанша сүйсе,елі үшін күңіреніп,тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені,бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық- дей отырып кітапханашы шараны қорытындылап, «Ұлы ақын-Абай» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.