Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемге танылған Ұлы Абай» атты әдеби кеші


Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен
 Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жасқа толуына орай: «Әлемге танылған Ұлы Абай» атты тақырыпта әдеби кеш мектеп оқушылары, мұғалімдер, кітапхананың тұрақты оқырмандарымен өткізілді. Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету, дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Шара барысында Ұлы тұлғаның өнегелі өмір жолы таныстырылып, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбайұлының ел тарихында өшпес із қалдырғаны, оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, дүниетанымы діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланғаны айтылды Мектеп оқушылары «Ғылым таппай мақтанба» Темірхан Бекжан, «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» Сауранбай Елшат, «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» Алмас Мағжан, «Ғашықтық, құмарлықпен сол екі жол», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» Уәлиқызы Еркемай «Жағытұры»Тұңғышбай Бибіпатыма, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» Әбдрашит Қарақат «Қараша желтоқсанмен сол бір екі ай» Жеңіс Аида «Қыс» өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, «Масғұт» поэмасынан Мирамханқызы Назым үзінді оқыды. Кеш қонақтары: Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Сұлтанов, Ақылбек әке, Шолпан әже: Көргені мол көреген Зере әжесі, анасы Ұлжанды ауыл халқы аса қадір тұтқан. Жұрт арасында Абайдың әжесі мен анасы мейірімділігімен, парасаттылығымен, ақылгөйлігімен сыйлы да құрметті болған десе, «Нұрбақыт» бала бақшасының меңгерушісі Бақыткүл Мусаева:Абай туралы айта келіп Абайдың «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Сап, сап көңілім сап көңілім» өлеңдерінің Абайдың ғашығы Тоғжанға арналғаны жөнінде қызықты деректерді айтып берді. Мәдени шараны қорытындылаған кітапханашы шара барысында жасалынған кең көлемдегі «Әлемге танылған Ұлы Абай» кітап көрмесімен таныстырды.