Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты көркем сөз байқауы


Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының оқу залында Қазақтың Ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, философ, композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты көркем сөз байқауы болып өтті. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, кеш қонақтары және мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың мақсатты Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру. Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.

Байқауға 10 үміткер қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Ақын Абайдың 10 өлеңі, қара сөздері жатқа оқылды. Байқауға қазылар алқасы тағайындалып, жеңімпаз өнерпаздарды анықтады. Жүлделі 1 орынды Бисенбайқызы Нұрсая, 2 орынды Күмісбекова Ақниет, 3 орынды Кәдірқызы Жайна иеленді. Барша сайысқа қатысқан үміткерлер «Алғыс хат», сыйлықтармен марапатталды. Кеш қонақтары ардагерлер төрағасы Сырлыбаев Әбілжаппар, Тәуекелов Кемалбек аталар тілектерін айтып, кешке қатысқан оқушыларға ризашылықтарын жеткізді. Шара өту барысында кітапханашы «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты кітап көрмесімен таныстырып, ақынның кітаптарына билиографиялық шолу жасалды.