Қалжан ахун ауылдық модельді кітапханасында «Алып ойдың асқары – Ұлы Абай» тақырыбында әдеби сазды кеші


Қалжан ахун ауылдық модельді кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын басшылыққа ала отырып, ғұлама, ойшыл, аудармашы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Алып ойдың асқары – Ұлы Абай» тақырыбында әдеби сазды кеш 126 мектептің 7-9 сынып оқушылары мен қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жұмаділ Самат қатысуымен ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына терең үңілту. Сөз патшасы-өлең құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту. Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау. Мәдени шара кітапханашы таныстырып, жалпы тақырып аясында кіріспе жасады. Шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмаділ Самат жазушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстырып, Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңін жатқа оқып, оқырмандарға ақынның өлеңдерін оқып беру арқылы ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін жеткізді. Мектеп оқушылары Қоныс Аружан «Ғылым таппай мақтанба», Камалиев Шәкәрім «Қыс», Сергейқызы Қарақат «Жазытұрым», Әбетов Нұрлыхан «Жаз», Мыңжасаров Бексұлтан «Әсемпаз болма әрнеге», Бауыржан Мадияр «Күз»атты өлеңдерін жатқа оқыды.Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін Сұлтанбекова Нұрбибі, «Желсіз түнде жарық ай».әнін Шаймұратқызы Ажар орындап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. араны қорытындылағын кітапханашы мәдени шара барысында жасалынған: «Мәңгілік елдің Ұлы Абайы» атты тақырыптағы кітап көрмесімен таныстырды.