Қоғалыкөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемге танылған – Ұлы Абай» атты әдеби жыр кеші


Қоғалыкөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл толуына орай «Әлемге танылған – Ұлы Абай» атты әдеби жыр кеші өткізіліп, кешке мекеме қызметкерлері, ауыл ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты. Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру. Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқыту. Шараны кітапханашы жүргізіп, қазақтың ұлы ақыны, жазушы Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырып, тереңірек мәлімет берді. Кітапхананың тұрақты оқырманы Л. Сапарбаева: «Абай – әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпан дей отырып, данышпан Абайдың ұлылығы мен ерекшелігін табандылық пен мақсаттылығын дәріптеп, оны өз ұлтының санасына енгізе отырып, ұлттық рухты бұрын-соңды болмаған биіктікке көтере алды. Біз Абайдың бойынан табылатын тұлғаға лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміздің барына алғыс айтуымыз керек», – деді.

Сонымен қатар әдеби кеште №44 орта мектеп оқушылары Қуаныш Інжу, Әскербек Өркен, Сұмағұл Нұраддиндер Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтап берді. Кеш сонында «Ақкимешек» әжелер ансамблі «Көзімнің қарасы» атты әнін шырқады. Әдеби кеш барысында «Абай – ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.