№ 2 филиал модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Өлең сөздің патшасы – Ұлы Абай» атты әдеби-жыр кеші


№ 2 филиал модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен
«Өлең сөздің патшасы – Ұлы Абай» атты әдеби-жыр кеші мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарының қатысуымен өткізілді. Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке баулу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, өлеңдері мен қарасөздерін жатқа айу. Шара барысында Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзін Әлібекова Ақниет оқыса, оныншы қара сөзін Жүнісов Ержан оқыды. Қалмағанбетова Айсұлу, Бектұрбек Нұрдәулет, Жұмабекова Аружан, Әбілов Нұржігіттер өлеңдерін жатқа айтып берді. Ақынның шығармаларынын және ол жайлы айтылған естеліктерден «Абай біртуар ғаламдық тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.