№1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен «Абайды оқы, таңырқа» атты поэзия кеші


№1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтылғандай, Абай Құанбайұлы ғұлама, ойшыл, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған бірегей тұлғаны таныту, ұлағаттау мақсатында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абайды оқы, таңырқа» атты поэзия кеші болып өтті. Кешке №36 мектептің 7 сынып оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірдерегімен таныстырып өтті. Шара барысында оқушылар Абай атамыздың өлеңдерін жатқа айтты. Атап айтар болсақ ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін Әзірбек Жастілек айтса, «Ұяламын дегені көңіл үшін» өлеңін Ерланқызы Гүлсезім, «Қыс» атты өлеңін Болатова Айғаным, «Жүрегім менің қырық жамау» өлеңін Сейітжанова Гүлназ, «Заман ақыр жастары» өлеңін Ахмет Нұрбол, «Жастықтың оты қайдасың» өлеңін Жеткергенова Ұлбосын, «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңін Уалибекова Ақгүлжатқа жатқа оқыды. Кеш қонағы аудан ардагері Есмағамбетов Амантай ағай: Абай мысал өлеңдерін шебер жаза білді. Ақын осы жанр арқылы қазақ халқының сол кездегі өмірін, адамдардың мінезі мен іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелермен көркем жеткізгендігін атап айтты. Абай поэма жанрын да меңгерген. Оған “Масғұт”, “Ескендір”, “Әзім” сияқты шығармалар дәлел деп атап айтты. Оқушыларды Абай мұрасын оқып, одан жақсы тәрбие алу керектігін айтып, білімдерін шыңдауға шақырды. Кеш соңында арнайы әзірленген «Ұлылардың ұлысы-Абай» атты кітап көрмесімен таныстырылып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.