Айдарлы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы қазақ хандары Керей мен Жәнібек» атты тақырыптық кеші


Айдарлы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен оқу залында №139 орта мектептің мұғалімдері, мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандарының қатысуымен Алтын Орданың 750 жыл толуына орай «Ұлы қазақ хандары Керей мен Жәнібек» атты тақырыптық кеш өткізілді.Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, Ел Президенті Қ.К.Тоқаев 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындаған Алтын Орда империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдегенін, айта келіп, Алтын Орда негізін қалаушы Жошы хан және Ұлы қазақ хандары Кереймен Жәнібек жайлы мағұлматтар беріп өтті. Шара барысында №139 орта мектептің кітапханашысы Смайлова Ботагөз апай «Алтын Ордадан бастау алған Қазақ хандығының Кереймен Жәнібектің тарихын жас ұрпаққа үйрету, оқушыларды өз отанына деген патриоттық сезімін ояту, отаншылдық, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеуіміз керек».-деп сөзін қорытындылады. Шара барысында Алтын Орданың қалай құрылғаны, бірнеше хандардың билік жүргізгені жайлы көп мәліметтер алды. Кеш соңында «Алтын Орда – қазақтың алтын бесігі» атты кітап көрмесімен таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды, нәтижесінде 2 оқырман тіркеліп, 4 кітап оқуға берілді.