«Алтын Орда мемлекеті – Ұлы Дала өркениеті» атты тақырыптық кеші


Тамыз айының 28 жұлдызында «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы Дала өркениеті» атты тақырыптық кеш онлайн режимінде өткізілді. Мәдени шараны кіріспе сөзбен ашқан М.Әлиева: Тарихтағы өз орнымызды саралауда Алтын Орда кезеңіне соқпай кете алмаймыз. Қазақ хандығының шығу тегі мен Жошы ұлысынан еншісін алып бөлек шыққан түрлі мемлекеттердің өзара қарым-қатынас ерекшеліктері айналасында Жошы ұлысы – дүниенің төрт бұрышына билігін жүргізген Шыңғыс ханның өз иелігіндегі жерлерін төрт ұлына бөліп бергенде Жошының үлесіне тиген аса үлкен территориялық аумақ екенін айта келе, осы кезеңде түркі мәдениетінің қайта өрлеу дәуірі басталып, осылайша Алаштың анасы атанған қасиетті Сыр өңірі қазақ халқының қалыптасуының негізгі ұйытқысына айналып, иісі түркі өркениетінің бастауында тұрғанын да айта өтті.Мәдени шараны әрі қарай жалғаған №131 мектептің тарих пәндерінің ұстаздары Н.Анасов пен Ж.Күзембаева Алтын Орданың сол кезеңдердегі өркендеуі, олардың Ислам дінін аса қадірлегені және не себепті құлдырағаны жөнінде кеңінен тарқатып айтты.

https://www.facebook.com/SYRDARIYAKITAPXANA/videos/vb.100029223071082/400552184262214/?type=3&theater