Аманкелді ауылдық кітапханасында «Қазақ хандығы – елдігіміздің тамыры» атты тарихи кеші


Аманкелді ауылдық кітапханасында Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Қазақ хандығы – елдігіміздің тамыры» атты тарихи кеш болып өтті. Кешке 7 «а» сынып оқушылары, тұрақты оқырмандар, мұғалімдер қатысты.Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашты. Биылғы жыл еліміздің тарихындағы алатын орны ерекше. Ел Президенті Қ.К.Тоқаев 1269 жылы Талас құрылтайында дербестігі толық мойындаған Алтын Орда империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдеді. «Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнін орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды Алтын Орданың 750 жылдығын мереклеу қарсаңында бастау керек»,- деді Президент. Сонымен қатар Қ.К.Тоқаев «Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек. Аса маңызды миссия: бүкіл әлемнің назарын осындай тарихи тұлғаларға аудару және оның кесенесін мәдени туризм нысанасына айналдыру» қажеттігін айтты.

Кешті № 42 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Бұрханов Ғ. ағай «Алтын Ордадан бастау алған Қазақ хандығының тарихын жас ұрпаққа үйрету, оқушыларды өз отанына деген патриоттық сезімін ояту, отаншылдық, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеуіміз керек». Оқушылар Алтын Орданың қалай құрылғаны, бірнеше хандардың билік жүргізгені жайлы көп мәлімет алды. Оқушыларымыз тақырыпқа сай сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Кеш соңында «Дала тарихының басты қыры-Алтын Орда» атты кітап көрмесімен таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды, нәтижесінде 3 оқырман тіркеліп, 7 кітап оқуға берілді.