Асқар Тоқмағамбетов ауылдық №5 филиал модельді кітапхана ұйымдастырумен «Алтын Орданың негізін қалаушы – Жошы хан» атты тарихи-танымдық кеші


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық №5 филиал модельді кітапхана ұйымдастырумен Алтын Орданың 750 жылдығына орай, «Алтын Орданың негізін қалаушы –Жошы хан» атты тарихи-танымдық кеш өткізілді. Шараға №135 орта мектебінің оқушылары, студенттер, ұстаздар, кітапхана оқырмандары т.б. қонақтар қатысты.Сондай-ақ, шара барысында кітапханашы Әр ұлттың өз тарихы, өз мәдениеті бар. Сол таңбалы тарихын зерделеп, ұлттың өркендеуіне ерекше үлес қосқан ұлы тұлғаларды ұлықтауды, ұрпақ санасына ұялатуды ешбір ұлт назардан қағыс қалдырмайды. Қазақ халқының биыл, қазақ мемлекеттінің дәстүр сабақтастығын жалғауда айрықша маңызды орын алатын Жошы ұлысын ұлықтауымыз – тарихымызға жасалған үлкен құрмет екендігін атап жастармен өз ойларын бөлісті. Кітапхана оқырманы зейнеткер Жылқыбаева Гүлшат «Жошы ханның ата тегі төңірегіндегі аңыз бен ақиқат» тақырыбында оқушыларға түсіндіріп айтып берді.10 сынып оқушысы Кенесбайұлы А «Шыңғыс ханның үлкен ұлы-Жошы» атты тақырыбында өз пікірін айтып өтті. Іс-шара барысында «Қазақ хандығы – Алтын Орда мұрагері» атты деректі фильмдер көрсетіліп оқушылар мағлұмат алды? «Алтын Орда – қазақ мемлекетінің алтын бесігі» атты дәстүрлі кітап көрме Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, даму тарихын, күйреуін баяндайтын кітаптар, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер ұсынылады.