С.Сейфуллин модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Елдіктің бастауы – Алтын Орда» атты тарихи танымдық кеші


С.Сейфуллин модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Алтын-Орда хандығының құрылғанына 750 жыл толуына орай «Елдіктің бастауы – Алтын Орда» атты тарихи танымдық кеш мектеп оқушылары мұғалімдер және кітапхананың тұрақты оқырмандарымен өткізілді. Мақсаты – Қазақ хандығының құрылу тарихыннан оқырмандарға мағлұмат беру, Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа шақыру. Қазақ хандығы өзі өмір сүрген 750 жылдай уақыт ішінде, ең алдымен, Қазақстан аумағындағы қазақ этносының саяси, әлеуметтік- территориялық ұйымы болды. Қазақ хандығының құрылуына қазақ жерінде 14-15 ғасырларда болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыстар әсер етті. Көшпелі, ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайырдың Көшпелі өзбектер мемлекеті мен Моғолстан арасындағы тартыстың шиеленісуі, өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғасырдың 2 жартысында жаңа мемлекеттің құрылуына жол ашты-деп шарада кітапханашы оқырмандарға қазақ хандығы туралы айтып берді. Тарихшылардың есебі бойынша үлкен бұлғақ дәуірінде айналасы жиырма жыл ішінде Алтын Орда тағында он төрт хан ауысқан. Ешқайсысы еркімен түспеген, бәрі де өзара қырқыс нәтижесінде қазаға ұшыраған. Міне, осы кезеңде Көк Орда хандарының әулеті де Алтын Орда тағына ұмтылды. Бұлардың ішінде ұлы хан дәрежесіне жетіп, Сарай қаласында азды-көпті билік құрған – Орыс хан, Тоқтамыс хан және Барақ хандар-деп кеш қонағы №137 мектептің мұғалімі Нұрышев Абылай айтып өтті. «Дала тарихының басты қыры – Алтын Орда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.