Шаған ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлыстың негізін қалаушы Жошы хан» атты тарихи-таным кеші


Шаған ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Коворкинг» орталығында кітапхананың оқу Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 750 жыл толуына орай: №37 мектеп-лицейінің жағары сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлыстың негізін қалаушы Жошы хан» атты тарихи-таным кеш өткізілді. Шараның мақсаты: Қазақ мемлекеттілігінің түп- тамыры туралы тереңірек білуге мүмкіндік беру, ең алдымен мемлекеттілігімізді нығайту және төл тарихымызды таныту, сондай- ақ ұлттық сана- сезімді дамыту болды. Шара барысында кітапханашы Алтын Орданың негізін қалаған Батый ханның әкесі Жошы хан жайлы айтып жан- жақты мағұлматтар беріп өтті. Кітапхананың тұрақты оқырманы Саят Сансызбаев. Өз кезегінде Жошы ұлысы оның балаларына үлестер ретінде бөлініп беріліп, нәтижесінде ұлыстық жүйе қалыптасады,-деп кітапханашы Жошы ұлысының құрылымы жайлы баяндады. Сансызбаев Саят Жошы ханның өмір тарихы жайлы айтып берді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әбенова Фарида тарихи деректерге сүйене отырып Алтын Орданың құрылуына тоқталып айтып өтті. Кеш соңында кітапханашы «Хандығымыздың бастауы-Алтын Орда» атты кітап көрмемен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.