Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың басты тарихы – Алтын Орда» атты тақырыптық кеші


Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 750 жыл толуына орай: «Ұлы даланың басты тарихы – Алтын Орда» атты тақырыптық кеш жоғары сынып оушылары мен мұғалімдердің қатысуымен өткізілді. Мақсаты: Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерімен таныстыра отырып, келешек ұрпағымызды өз тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын оятып, ерлікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Мәдени шара өту барысында Кітапхана оқу залында: «Ұлы даланың басты тарихы – Алтын Орда» атты тақырыпта кең көлемде кітап көрмесі жасалынды. Мәдени шара өткізілу барысымен, мақсатымен кітапханашы таныстырып, жалпы тақырып аясында кіріспе жасады, келесі кезекте сөз алған мәдениет үйінің директоры Әбсадықов Мақсұт Алтын Орданың құрылуы, қоғамдық құрылысы, басқыншылық саясаты туралы түсінік берсе кеш қонағы, кітапхана тұрақты оқырманы Әбдікәрімов Мирамбек, Алтын Орда мемлекетінің құрылу тарихындағы ерекшеліктермен, Шыңғыс ханның соғыс тактикалары мен Алтын Орданы құрушы моңғол ханы – Батый хан. Ол Алтын Орданы 1227–1255 жылдары билеген. Ол мұсылман елдеріне әрқашан қамқорлық жасап, оларға мешіт салдырып, әдет-ғұрып ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Жалпы, Шыңғыс қағанның ұлы мен немерелері тұрғызған, әлемнің жартысына өз әмірін жүргізген Алтын орда жөнінде әңгіме көп-деп біршама тарихи маңызды деректерге тоқталды. Жиналған көпшіліктің қызығушылығын тудырған тарихи сағат, Алтын Орда мемлекетінің тарихына, оны зерттеуге байланысты өзекті тақырыптар ортаға салынған қызу пікірталасқа жалғасты. Мәдени шараны қорытындылағын кітапханашы мәдени шара барысында жасалынған: «Ұлы даланың басты тарихы-Алтын Орда» атты тақырыптағы кітап көрмесімен таныстырды. Нәтижесінде кітапханаға жаңадан 4 оқырман тіркеліп, 6 кітап оқырман қолына оқуға берілді.