Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Түркі әлемінің алып мемлекеті – Алтын Орда» атты тақырыптық кеші


Іңкәрдария ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 750 жыл толуына орай: «Түркі әлемінің алып мемлекеті – Алтын Орда» атты тақырыптық кеш болып өтті. Мақсаты: Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерімен таныстыра отырып, келешек ұрпағымызды өз тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын оятып, ерлікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Мәдени шара өткізілу барысымен, мақсатымен кітапханашы таныстырып, жалпы тақырып аясында кіріспе жасады, шара барысында жастар ісінің жетекшісі Сүюнбаева Айгерім Алтын Орданың құрылуы, қоғамдық құрылысы басқыншылық саясаты туралы түсінік берсе кеш қонағы, кітапхананың тұрақты оқырманы Тәуекелов Кемалбек, Алтын Орда мемлекетінің құрылу тарихындағы ерекшеліктермен, Шыңғыс ханның соғыс тактикалары мен Алтын Орданы құрушы моңғол ханы – Батый ханның мұсылман елдеріне әрқашан қамқорлық жасап, олар­ға мешіт салдырып, діни әдет-ғұрып­тарды жүргізуге көмектесіп отырған жайлы айтып, жалпы, Шыңғыс қағанның ұлы мен немерелері тұрғызған, әлемнің жартысына өз әмірін жүргізген Алтын орда жөнінде әңгіме көп-деп біршама тарихи маңызды деректерге тоқталды. Жиналған көпшіліктің қызығушылығын тудырған тақырыптық кеш, Алтын Орда мемлекетінің тарихына, оны зерттеуге байланысты өзекті тақырыптар ортаға салынған қызу пікірталасқа жалғасты. Мәдени шараны қорытындылағын кітапханашы мәдени шара барысында жасалынған: «Түркі әлемінің алып мемлекеті-Алтын Орда» атты тақырыптағы кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.