Қалжан ахун ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Алтын Орда мемлекеттілігінің бесігі» тарихи таным кеші


Қалжан ахун ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 750 жыл толуына орай: «Алтын Орда мемлекеттілігінің бесігі» атты тақырыпта тарихи таным кеш болып өтті. Мақсаты: Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерімен таныстыра отырып, келешек ұрпағымызды өз тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын оятып, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу..Мәдени шара өткізілу барысымен, мақсатымен кітапханашы таныстырып, жалпы тақырып аясында кіріспе жасады. Келесі кезекте сөз алған 10-сынып оқушысы Жетпісбаев Думан Алтын Орданың құрылуы, қоғамдық құрылымы, гүлденуі мен мәдени жағдайы айтылды. Осы орайда әсіресе мұсылмандардың адал діні ислам дініне деген Бату ханның оң көзқарасы исламды мемлекеттік дін етіп жариялаған Өзбек хан мен осы дінді қабылдаған Берке хандар жайлы тарқатылып айтып берді. Сонымен қатар тарихи деректерге сүйене отырып осы кезеңдерде әділетті Ислам дінінің арқасында жеткен жетістіктерге тоқталып өтті.Тарих пәнінің мұғалімі Сәрсенбаева Ләйлә сөз алып, Алтын Орда мемлекетінің құрылу тарихындағы ерекшеліктермен, Шыңғыс ханның соғыс тактикалары мен Алтын Орданы құрушы моңғол ханы – Батый хан. Ол Алтын Орданы 1227–1255 жылдары билеген. Ол мұсылман елдеріне әрқашан қамқорлық жасап, оларға мешіт салдырып, діни әдет-ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Жалпы, Шыңғыс қағанның ұлы мен немерелері тұрғызған, әлемнің жартысына өз әмірін жүргізген Алтын орда жөнінде әңгіме көп-деп біршама тарихи маңызды деректерге тоқталды. Жиналған көпшіліктің қызығушылығын тудырған тарихи таным кеші, Алтын Орда мемлекетінің тарихына, оны зерттеуге байланысты өзекті тақырыптар ортаға салынған қызу пікірталасқа жалғасты. Мәдени шараны қорытындылағын кітапханашы мәдени шара барысында жасалынған: «Елімнің алтын қазығы Алтын Орда» атты тақырыптағы кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеде Алтын орда мемлекетінің құрылуын, даму тарихын, күйреуін баяндайтын 17-ге жуық кітап, фотосуреттер мен дәйексөздер ұсынылған. Нәтижесінде кітапханаға жаңадан 2 оқырман тіркеліп 6 кітап оқырман қолына оқуға берілді.