Қоғалыкөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Елімнің алтын қазығы – Алтын Ордам» атты тарихи таным кеші


Қоғалыкөл ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 750 жыл толуына орай «Елімнің алтын қазығы – Алтын Ордам» атты тарихи таным кеші өткізіліп, кешке мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Бұл тарихи таным кешінің басты мақсаты Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу; ел болашағы жастар қолында екенін сезіндіру арқылы өз тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын оятып, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мәдени шараны кітапханашы Н. Жуматаева жүргізіп, Алтын Орда дәуірінің Қазақстан тарихындағы рөлі туралы айтып, оның Қазақстанның және бүкіл Еуразия тарихында ерекше рөл атқарғанын атап өтті. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі екенің айта келе, Жошы ханның баласы Батый (Бату) ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болғанын. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, кейін Сарай Беркеге көшірілгенін. Батый хан Алтын Орданы құрушы Монғол ханы. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген. Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылды. Ол мұсылман елдеріне әрқашан қамқорлық жасап, оларға мешіт салдырып, діни әдет ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Сондықтанда ол мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Ал орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылды. Шара барысында Алтын Орданың гүлденген және құлдыраған кезіндегі мәдениеті мен экономикасының мәселелері талқыланды. Тарихи таным кеш барысында «Ұлы дала тарихының басты қыры – Алтын Орда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Бұл көрмеде Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, тарихын, күйреуін баяндайтын кітаптар мен Алтын Орда мемлекетін басқарған хандардың өмірбаяндары және дәйек сөздер ұсынылды. Кеш соңында кітапханаға 3 жаңа оқырман тіркеліп, 4 кітап оқырман қолына оқуға берілді.