Сырдария аудандық орталық кітапханада агроколледж студенттері арасында «Ұлы даланың басты тарихы – Алтын Орда» атты тарихы сағаты


Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Алтын Орданың 750 жылдығын біздің тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристердің назарын аудару тұрғысынан атап өту керектігін, сонымен қатар Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның саяси қайраткер ретіндегі мемлекеттік идеологияның қалыптасуындағы маңызды тарихи өзектілігін ұмытпауымыз керектігін атап өтті. Осы орайда Сырдария аудандық орталық кітапханада агроколледж студенттері арасында «Ұлы даланың басты тарихы – Алтын Орда» атты тарихы сағат өткізілді. Мәдени шараның Мақсаты: Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерімен таныстыра отырып, келешек ұрпағымызды өз тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын оятып, ерлікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Шара барысында колледж ұстазы Р.Құрманаева – Моңғол империясының ыдырауынан кейін құрылған мемлекеттердің ішінде Алтын Орда түріктердің саяси және этникалық тарихы үшін ерекше маңызға ие болды. Алтын Орда – Еуразиядағы ортағасырлық мемлекет. 1224-1266 жылдары Моңғол империясының құрамына кірді. Хандықтың құрылу тарихы мен мұрасын жалғастырушы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының игілігінде болғандығы жайлы айтып өтті. Шара соңында кітапханашы С.Сейтен «Қазақ даласы – Алтын Орданың бесігі» атты кітап көрмесін таныстырып, тарих қойнауынан сыр тартқан, аса көрнекті жазушы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» атты кітабына шолу жасап, ұстаздар мен жастар назарына ұсынды.