Жақыныңа жанашыр бол


Жаһанды жайлаған індеттің елде жаппай таралуы алдын алу мен сақтық шараларын күшейтуге негіз болды. Бүгінде әр тұрғынның карантин талаптарына өзі және жақындарының денсаулығына салғырттық танытпауы аса маңызды. Вирустан қорғанудың бірден бір тәсілі-қорғаныш бетпердесі, медициналық масканың жұқпалы аурулардан қорғайтынын жақсы білеміз. «Жақыныңа жанашыр бол» қағидасын басты назарға ала отырып, Сырдария аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері өз қолдарынан бетперделер тігіп, халық көп жиналатын мекемелердің алдында тегін таратып, түсіндірме жұмысын жүргізді.