Жергілікті тұрғындарға кітапхана қызметін кітап қоры арқылы жасау мақсатында «Кітап қорын бірге жасаймыз» жобасы жүзеге асырылып, яғни, кітап қоры оқырманның сұранысына байланысты толықтырылуда. Кітапты әр оқырманға электронды (QR-код) арқылы жеткізу. Қызметтің қолжетімділігін арттыру, сұраныстарды қарантин уақытында жедел және жылдам орындау мақсатында «Кітап бар жерде – рухани өмір бар» атты жобасы аясында кітапхана қызметкерлері әр аялдама жолаушыларына мобильді қосымшаның көмегімен ұнаған кітапты электронды нұсқада жүктеуін тегін қосымшаларын пайдаланып, таңдалған кітаптарын оқуға шақырды.