«Абай жолы – әділдік жолы» атты әдеби оқу


Қыркүйек айының 3 жұлдызында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша «Абай жолы – әділдік жолы» атты әдеби оқу онлайн режимінде ұсынылды.

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызу. Биыл ұлы тұлға Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында М.Әуезовтың «Абай жолы» романының таңдалып алынғаны мәлім. енді қазақ халқының бас ақыны Абай атамыздың өнегелі өмір жолы мен оның өшпес мұрасының еселеніп әрбір жүрекке терең жеткізілетіні қуантады.

«Абай жолы –әділдік жолы» атты әдеби оқуда, әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясынан ұлт жанашыры, қалың елі қазағының қамын жатпай – тұрмай ойлаған ұлы ғұламаның айтқан сөздерін оқу арқылы, ұлы шығармаға тағы бір бойлап, оқырман назарына ұсынылды. Шара барысында халық үшін де, өзі үшін де дүниенің ең асылы білім-өнер деп өмір кешкен Абайдың өскен ортасы жайлы айтылып, әкесі Құнанбайдың баласына айтқан өсиет сөздерінен үзінділер оқылды.

Сырдария аудандық орталық кітапхана "Бір ел-бір кітап" акция аясында "Абай жолы" роман-эпопеясын оқырманға оқыту мақсатында "Абай жолы-әділдік жолы" атты әдеби оқуды ұйымдастырып, онлайн режимінде назарларыңызға ұсынып отыр.Әдеби оқуда "Қалың елім,қазағым" деп өткен ұлы ғұламаның айтқан сөздерін кітапхана қызметкерлері және тұрақты оқырмандары оқып береді.

Опубликовано Сырдарией Аудандық Орталық Кітапханой Пятница, 4 сентября 2020 г.