«Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты семинар-тренингі


Жастар ресурстық орталығының мамандары және кент орталығында орналасқан білім беру ошақтарының белсенді жастарының қатысуымен «Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты семинар-тренинг өткізілді. Ең бірінші кезекте шараны жүргізген кітапханашы Р.Құлмаханова бүгінгі мәдени шаранын мақсат – міндеттімен таныстырып өтіп, бұл шараны кешегі күні «Болашаққа – үміт, жастарға- сенім» атты аудан көлемінде өткізілген салтанатты жиналыстың әрі қарай өз жалғасын тауып, жастар арасында жүргізілетін жұмыстардың бір бөлігі деп қабылдау керегін түсіндіріп өтті. Осыдан кейін бүгінгі мәдени шараға қатысушыларды құттықтау сөз кезегі кітапхана басшысы Г.Нұржакиеваға берілді.Сөз кезегінде мекеме басшысы жастарды биылғы 2019 жыл – Жастар жылымен шын жүректен құттықтап, жастар –кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші екенін, сондықтан ел тірегі –жас буын екенін әсте естен шығармаған абзал.Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын ролі зор, сондықтан сіздерге алдағы уақытта толағай табыстар тілей отырып, еліміздің өркендеуіне қосар үлестерін зор болсын дегім келеді деп аяқтады.Осындай жақсы лебіздер мен жастарға ой тастар тың идеялармен шара барысын Жастар ресурстық орталығының белді мүшесі С.Сыздықова, №35 мектеп-лицейінің мұғалімі О.Әуезхан, №131 мектептің жас маманы М.Мұратқызы және №210 мектептің мұғалімі О.Құлабаевтар жалғастырды. Мәдени шара барысында жастар «Даму даңғылы», «Өмірдің күнгей және көлеңкелі тұстары» атты трининг ойындар ұйымдастырып, өздерінің көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісіп, әр түрлі ситуациялар кезінде адам өзін қалай ұстауға болады деген тақырыптарда пікір алысты. Трининг барысында бізді қуантқаны жастарымыздың бір-біріне деген қол көмегімен, рухани тіл көмегіне қай кезде де әзір екені,сонымен қатар Ұлы дала елінен Мәңгілік Ел болып қалыптасуға деген жігер күштері болды.Осыған орай бізде мәдени шарамызды биылғы жыл Сырдариялық жастар үшін зор мүмкіндіктер мен жетістіктер жылы болсын деген қорытынды сөзбен аяқтады.