Сәкен Сейфуллин ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Білімді жастар — ел болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді


Мәдени шараға мұғалімдер, мекеме қызметкерлері, клуб қызметкерлері, кітапхананың тұрақты оқырмандары, студент жастар қатысты. Мақсаты: 2019 жыл жастар жылы деп жариялануына байланысты қазіргі кезде еліміздегі жастардың қоғамға көзқарасы, жастардың қоғамда алатын орны, жастарды жұмысқа арту, жұмыссыздықты жою, жастардың білім алуына жағдай жасау т.б мәселелерді шешуге атсалысу, өз Отанының патриоты болуға шақыру. Қазіргі кезде елімізде жастарды жұмысқа арту, жұмыссыздықты жою, жастардың жаңа технологияны меңгеруі, жастардың оқып, білім алуына көптеген жағдай жасалуда. Осы мәселені шешу үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту2020», «Бизнес-жол картасы», «Әрбір отбасына 7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, «Студент жастардың жатаханадағы жағдайын жақсарту» т. б. бағдарламалар қолға алынып іске асырылуда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Назарбаев жастарға ерекше көңіл бөлді. Қазақ қоғамында қазіргі кезде бұрынғы ұрпақтардан айтарлықтай өзгеше, мүлдем жаңа зияткерлік топ, жаңа бағдар ұстанған, болашаққа жастардың жаңа көзқарасын қалыптастыру керектігін кеш қонағы мектеп мұғалімі Жақсылықова Ұлбосын айтып өтті.Әр адамның бойында жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу мен өмірге құштарлық пен өмірге көзқарас керек деп- кеш қонағы, жас ақын Арыстанов Алпамыс өз ойын білдірді және өзінің жастар жылына арнап шығарған арнауын орындады.Бүгінгі жастар –ертеңгі кәсіби маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнын табу үшін аянбай еңбек ету керек. Кез келген қоғамдағы мәселеге бей-жай қарамау керек. Себебі патриоттық рухта, рухани ерлік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Еліміздің дамуы үшін Қазақстан әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болу керектігі айтылып шара қорытыңдыланды.