Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапханасы жанынан «Коворкинг» орталығы ашылды


25 сәуір күні сағат 15:00 де рухани ақпараттық білім беру орталығы саналатын Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапханасы жанынан «Коворкинг» орталығы ашылды. Ашылу рәсіміне Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры,, ауыл әкімі және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл ардагерлері мен ауыл белсенділері мен кітапханашылар, кітапқұмарлар мен мектеп оқушылары қатысты. Орталықтың ашылу салтанатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Үсенұлы мен ауылдық ардегерлер кеңесінің төрағасы Жұмабекұлы Төребек және ауыл әкімі Нұрмағанбетұлы Сағдат құттықтап, орталықтың ашылу рәсіміндегі дәстүрлі лентаны еңбек ардагері Мамытов Керейтбай ата кесті. Оқырман Төлеби Жансұлу ақын М. Сақтаповтың кітапханаға арнау өлеңін оқыса, жез таңдай әнші Қалиасқарова Ботакөздің «Қазағым–ай және Ой-Сәулем» әндері ашылу салтанатына келген халықты бір серпіп тастады. Одан кейін ауылдық кітапхананың кітапханашысы жиналғандарды коворкинг-орталығының жүйелі жұмыстарының тәртібімен таныстырды. Оның алға қойған мақсаты мен міндетін айтып берді

Кәзіргі таңда коворкинг орталығын пайдаланушылар

Ахметова Шырын апай бос уақытында мерзімді басылымдарды оқып кетеді
Кітапхана оқырмандары тоғызқұмалақ, шашка ойындарын ойнап отыр
Абай өлеңдерін тыңдап отырған мектеп оқушысы Асқарұлы Асылнұр