Рухани ақпараттық білім беру орталығы саналатын «Достық» үйінде орналасқан №1 филиал модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Ассамблея залының жанынан «Bilim Ortalygy» (Коворкинг) орталығы ашылды.


Ашылу рәсіміне аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Үсенұлы, «Достық» үйінде орналасқан әр түрлі үкіметттік емес ұйым басшылары, “Аудандық ардагерлер ұйымы» төрағасы Хайрулла Әбенов, «Кент ардегерлер кеңесі» төрағасы Келдібаев Мұса, «Аудандық әйелдер қоғамы» төрайымы Ұлмекен Жаналиева, «Сырдария ауданы мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жантүгелов Биболат, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестік менеджері Гүлнұр Божанова, «Сырдария қорының» төрайымы Несібелі Керейтбаева және «Достық» үйінде орналасқан Ассамблея мүшелері Кан Мила, орыс ұлтынан Потолова Ольга, кәріс ұлтынан Шин Таня,орыс ұлтынан Мясцова Елена, татар ұлтынан Кокшарова Шура және аудан ардагерлері, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Орталықтың ашылу салтанатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Үсенұлы мен аудан ардегерлер кеңесінің төрағасы Әбенов Хайрулла құттықтап, орталықтың ашылу рәсіміндегі дәстүрлі лентаны кесті. Кітапханашы ақын М. Сақтаповтың кітапханаға арнау өлеңін оқып, одан кейін кітапхананың кітапханашысы жиналғандарды коворкинг-орталығының жүйелі жұмыстарының тәртібімен таныстырды.Оның алға қойған мақсаты мен міндетін айтып берді.Сонымен қатар жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өз ауданымыздан шыққан ақын-жазушылардың мол рухани мұраларын, әдеби шығармаларын насихаттау мақсатында кітапхананың белсенді оқырмандарымен бірлесіп ұйымдастырылған «Дауыстап оқу»жобасы аясында «Жырлары жүрек тербеген» атты дауыстап оқу шарасы жалғасын тапты. Шарада ақын Әбілда Тәжібаевтың, Асқар Тоқмағамбетовтың, Сейітмұрта Ембергеновтың, Жадыра Дәрібаеваның, Ибрагим Исаевтың, Балашбек Шағырұлының өлеңдері оқылып, көрермендердің мол илтипатына бөленді. Кеш соңында Ассамблея мүшелері ән-шашу шашып көрермендерді бір серпілтіп тастады.