Рухани ақпараттық білім беру орталығы саналатын Нағи Ілиясов ауылдық модельді кітапханасы жанынан «Bilim Ortalygy» (Коворкинг) орталығы ашылды


Ашылу рәсіміне Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, ауыл әкімі және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл ардагерлері мен ауыл белсенділері мен кітапханашылар, кітапқұмарлар мен мектеп оқушылары қатысты. Барлығы-25 адам қатысты, жастар саны-17. Орталықтың ашылу салтанатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Үсенұлы мен ауылдық ардегерлер кеңесінің төрағасы Жұмабекұлы Төребек және ауыл әкімі Нұрмағанбетұлы Сағдат құттықтап, орталықтың ашылу рәсіміндегі дәстүрлі лентаны еңбек ардагері Мамытов Керейтбай ата кесті. Оқырман Төлеби Жансұлу ақын М. Сақтаповтың кітапханаға арнау өлеңін оқыса, жез таңдай әнші Қалиасқарова Ботакөздің «Қазағым – ай және Ой-Сәулем» әндері ашылу салтанатына келген халықты бір серпіп тастады. Одан кейін ауылдық кітапхананың кітапханашысы жиналғандарды коворкинг-орталығының жүйелі жұмыстарының тәртібімен және оның алға қойған мақсаты мен міндетімен таныстырды.Сонымен қатар жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, еліміздің ақын- жазушыларының мол рухани мұраларын әдеби шығармаларын насихаттау мақсатында кітапхананың белсенді оқырмандарымен бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздары» атты поэзия сағаты ақын Әбілда Тәжібаев пен Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналды.