Сырдария аудандық орталық кітапханадан «Коворкинг» орталық ашылды


Сырдария аудандық орталық кітапханадан «Коворкинг» орталық ашылды. Орталықтың ашылуы «Нұр Отан» партиясының бастамашыл шеңберінде жүзеге асты.Салтанатты шараға Сырдария аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Ә.Тәжібаев атындағы атыңдағы Әмбебап Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері, Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Сырдария аудандық «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, Аудан орталығындағы білім ошақтарының қызметкерлері, балабақша меңгерушілері және кітапхана оқырмандары қатысты. Қазір кітапханаларды жаңа форматқа көшіру, ақпараттық технологияларды кітапханаларымызға енгізу, оларды жаңартып, тартымды ету, оқырмандарға жайлы жағдай жасау орталығына айналуда. Келушілер арасында кітап оқып, интернет желісіне қосылып, тұрақты келіп тұратын орталыққа айналдыру мақсатында кітапханадан Коворкинг орталығы ашылды. Коворкинг орталықтың негізгі мақсаты – Әлеуметтік маңызы бар жобалық бастамаларды, жастардың өмірін жақсартуға, жаңа бастаған кәсіпкерлердің бастамаларын іске асыру үшін ыңғайлы алаң құру. Коворкинг орталық үш аймаққа бөлінген:

  1. Іскерлік қатынас аймағы, кездесулер, демалыс және жеке жұмыстар жасауға арналған алаң.
  2. Wi–Fi интернет алаңы ақысыз қолданысқа беріледі.
  3. Жасөспірімдердің ойын – сауық алаңы.

КОВОРКИНГ орталығына келіп, уақытыңызды тиімді өткізуге тілектеспіз!