Шаған ауылдық модельді кітапханасында «Bilim Ortalygy» (Коворкинг) орталығы ашылды


«Коворкинг» орталығының ашылу салтанатына ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тасбергенов Зулхарнай, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Төреалиев, ауыл әкімі Абдраманова Ұлбала және де зейнеткерлер мен әр сала қызметкерлері қатысып, барлығы – 22 адам, жастар саны-11. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Үсенұлы, Шаған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зулхарнай Тасбергеновке және Еңбек ері Райкүл Жалғасбаевалар орталық жаңару мен жаңғыруға бастайтын үлкен қадам екенін айтып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Коворкинг орталығы пайдаланушыларға қазіргі заманғы үрдіске ортақтасу үшін заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бұл ашылған орталықта шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын ойнап, сонымен қатар жастар түрлі интеллектуалды ойын мен дебаттар, тренинг оыйндарымен қатар қызықты бас қосулар өткізе алатындығын ауыл кітапханашысы Венера Серікбайқызы айтып таныстырды. Коворкинг орталығының ашылу салтанатына орай «Дауыстап оқу» жобасы аясында Жыр алыбының патшасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау аясында «Жыр жүрігі- Мұқағали» атты дауыстап оқулар өткізілді. Ауыл жастарының игілігіне беріліп отырған коворкинг орталығы дегеніміз- кітапхана адамдардарды тартудың жаңа әдісі.Ел болашағы жастарға қолдау көрсету турасындағы жұмыстар әлі де жалғасын таба алатындығын кітапхана директоры Гүлстан Сансызбайқызы айтып қорытыңдылады.