Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасында «Bilim Ortalygy» (Коворкинг) орталығы ашылды


Ашылу салтанатына ауылдың аға буын өкілдері мен жастары жиналды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – халықтың білімге деген құштарлығын арттыру. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай коворкинг-орталық ретінде қайта құру жобасын қолға алған болатын себебі, кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы болуы тиіс. Жобаның негізгі мағынасы да осы, яғни дәстүрлі кітапханаларға жастарды тартып, олардың кітап оқуға, сапалы білім алуына жағдай жасау. «Bilim Ortalygy» Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасында ашылды. Ашылу салтанатын ауылымыздың құрметті зейнеткері Әбсадықов Жақсылық атай лента кесу рәсімімен ашып жұмысқа табыс тіледі.