Кім-кім екені


Нұржакиева Гүлстан Сансызбайқызы – Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры

Ғасырлар қойнауында қалған көне тарихымызға көз тоқтатсақ, еліміздің қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде әйел-қыздардың ролі әрдайым биік тұрған. Бүгінгі мезгіл мінберінде – кітапханашы кәсібімен ауыл мәдениетінде өз қолтаңбасын жасаған, аудан көлеміндегі кітапхананың келелі мәселелерінде сәтімен шешімін тауып жүрген, кітапхана ісін дамыту, кітапханашылардың мәртебесін көтеру, кітапхананың ел мүддесі үшін қажеттілігін арттыру мақсатында еңбек етіп «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің өзіндік ізі бар.

1982 жылы Алматы қыздар педагогикалық институтының «кітапханашы-библиограф» мамандығын бітіріп келіп, еңбек жолымды аудандық орталық кітапхананың әдіскері қызметінен бастадым. Осы жылдары жұмыс істеген кезеңдер ішінде маман кітапханашы ретінде теориялық даярлығымды күнделікті жұмыс тәжірибесімен ұштастырып, ізденіс арқылы өз мамандығымнын қыр-сырын меңгере білдім.

1994 жылдан бастап Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарып, аудан бойынша жүйедегі кітапхана жұмысына басшылық жасап келем.Тәжірибелі маман ретінде кітапхана жұмысына оң өзгерістер енгізуде барынша күш-жігерімді жұмсадым. Осы бағытта аудан кітапханаларының материалды-техникалық базасын жақсартып, кітапханалар жұмысын озат тәжірибеге айналдыруға күш салдым.

Аудан халқына рухани азық беретін кітапханалар жүйесі игі істердің ұйытқысы болып, халыққа мәдени қызмет көрсетуде жоғарғы көрсеткішке жеткені үшін 1997 жылдың қорытындысы бойынша «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі жыл жеңімпазы болып танылып, облыстық мәдениет басқармасының «Құрмет дипломымен» марапатталды.

1998 жылдың қазан айында облыстық дәрежеде «Кітап – сарқылмас білім бұлағы» атты кітап қорын толықтыру акциясы өткізіліп, клуб, мәдениет үйлері көлеңкесінде елеусіз қалып бара жатырған рухани ошақ – кітапханаларға серпіліс жасадым.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қазақстан Республикасының «2000 – Мәдениетті қолдау жылы» жарлығына, облыс әкімінің 2000-2002 жылдарға арналған «Сыр мәдениет – жаңа ғасырда» атты бағдарламасына сәйкес іс-шара қабылдап, мәдениеттің рухани көзі – кітапты насихаттай отырып, оқырмандарды көбірек тартуға көңіл бөлді. Жалпыхалықтық «Қамқор» мәдени акциясы 2000 жылдың 15 шілде-15 тамыз аралығындағы кезеңге белгіленіп, «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция Қоғалыкөл ауылдық кітапханасында ауыл әкімшілігі және аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өткіздік. Шараның мақсаты: ауыл кітапханасының материалдық-техникалық базасын жақсарту, кітап қорын толықтыруға демеушілік таныту, қолдау көрсету болды, нәтижесінде қаржылай және кітаптай көмек көрсетілді, яғни кітапхананың ауыл өміріндегі алар маңызы мен мәртебесі арттырылды.

Кітапхана саласында өтпелі кезеңнің қиындығын басымнан өткеріп өзімнің тәжірибеммен мен біліктілігімнің арқасында жол тауып, кітапхана жұмысын өз дәрежесіне лайықты ұйымдастырып, басшылық жасап келем. Жыл сайын кітап қоры мемлекетіміздің баспаларынан жарық көрген жаңа әдебиеттермен толықтырылып, оқырмандардың әдебиетке деген сұраныстарына толығымен жауап берудеміз.

Оқырмандар сұранысының өсуіне және тақырып аясының кеңеюіне байланысты кітап қорын толықтыру акциясы облыстық дәрежеде өткізіле бастады. Облыстық «Ауыл келбеті» бағдарламасына сәйкес Айдарлы ауылдық кітапханасында «Ауыл мәдениетінің түп қазығы-кітапхана» атты облыстық дәрежедегі семинар-кеңес өткізілді. Қалжан ахун ауылдық кітапханасында «Ұлттық құндылықтардың рухани қазынасы -кітапхана» деген тақырыпта көшпелі кеңес өткізілді.Қоғалыкөл ауылдық кітапханасында «Кітапханалық инновациялық технологияларды жұмыс барысында кеңінен қолдану және жүзеге асыру» атты көшпелі семинар өткізілді. Шаған ауылдық кітапханасында «Кітапханалардағы клубжұмыстары мен жобалардың дамуы» атты көшпелі кеңес өткізілді.  

2003 жылы Орталық Азия және Ресей баспагерлерінің, жазушылар мен ақындардың қатысуымен өткен ІІ халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап, полиграфия жәрмеңкесіне орай Республикалық ұлттық кітапханада құрылған «Ұлы Жібек жолы» экспедициясы ауданымызда болып, жеке тұлғалардың меншігіндегі тарихи-мәдени маңызы зор құжаттар, қолжазба және сирек кездесетін кітаптармен танысып, Сырлытам, Құлболды ишан кесенесінде болды. Шіркейлі аулындағы Тапал ахун кітапханасынан екі кітап; оқулық және шариғат кітабы өңделіп, жөндеу жұмыстары жүргізілуі мен қайта түптелуіне атсалыстым.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы 30 наурызындағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006-2008 жылдарда мәдениет саласын дамыту бағдарламасы аясында Қазақстанды жаппай компьютерлік жүйесін жасау, кітапханалық абономент және құжаттарды электронды жеткізу, оған қоса Қазақстан кітапханаларын модернизациялау бағдарламасы бекітіліп,іс-жүзінде қолданысқа еңгізу бағытында бүкіл аймақтарға таратылған болатын, осы бағдарлама аясында Сырдария аудандық орталық тандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 15 ауылдық кітапханасы өркениет көшіне ілесіп,жаңа үлгідегі ауылдық модульді кітапханалары атанып, ауыл тұрғындарына ғаламтор желісіне қосылған жаңа технологияларымен қызмет көрсетуіне өзүлесімді қостым.

Сырдария аудандық орталық кітапханасының кітап қорын цифрлы түрге көшіруде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруде, оқырмандардың электронды құжаттарды еркін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету,мақсатында жиі сұраныстағы кітаптар мен басылымдар,сирек кітаптар мен қолжазбалар сирек кездесетін, аса құнды және көне басылымдар, музыкалық шығармалар мен ноталар және Қазақстан: өткені мен бүгіні жайлы жазылған дерек қорындағы мақалалар және өңірлік газеттерді цифрлы форматқа көшірілуіне атсалысудамыз. Қазіргі таңда барлығы еңгізілген – 2427 дана кітап, 542130 бет сандық форматқа көшірілді.

Қазір кітапханаларды жаңа форматқа көшіру, ақпараттық технологияларды кітапханаларымызға енгізу, оларды жаңартып, тартымды ету, оқырмандарға жайлы жағдай жасау орталығына айналуда. Келушілер арасында кітап оқып, интернет желісіне қосып,тұрақты келіп тұратын орталыққа айналдыру мақсатында жүйеге қарасты кітапханалардан 12 Коворкинг орталықтары ашылып, Бір сөзбен айтқанда Коворкинг орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыстардың маңыздысы және кез келген адам өзінің сүйікті ісімен айналасын, жастардың шығармашылық, интеллектуалдық әлеуетнін арттыруға, ең бастысы жастардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдай жасалатын орталық болып табылатыңдығын,солардың жұмысының дамуына кітапханашылардың еңбегім зор.

Еңбегім еленіп, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудан әкімдігі тарапынан марапаттарға ие болдым. 2011 жылы 26-27 қазан күндері Қызылорда қаласындағы өткізілген ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан кітапханалары тәуелсіздік жылдарында: жетістіктері мен даму бағыттары» атты республикалық конференцияға аудан кітапханашылары түгелдей қатысып, осы үлкен шарада облыс әкімі Б.Қуандықовтың «Алғыс хатымен», Республикадағы кітапхана ісін дамытуда зор үлес қосқаным үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Бас директоры К.Шаймұханбетованың «Алғыс хатымен», 2013 жылы «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен марапатталдым. 2015 жылы Кітапхана ісін дамыту, кітап пен оқуды насихаттау, кітапхана ісінде жаңа инновациялық технологияларды енгізу, ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мақсатында аудандық кітапханасында «Кітапхана жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» атты облыстық семинарын өткізіп, заманауи кітапхана екендігін көрсете білдік. 2018 жылы Сырдария ауданының- 90 жылдығына орай төсбелгілерімен марапатталдым.2019 жылы Мәдениет саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына-2019» фестиваліне белсене қатысқаным үшін Сырдария аудандық орталық кітапханасы «Заманауи оқырманға-заманауи кітапхана» атты номинациясы бойынша дипломмен марапатталдым.

Аудандық орталық кітапхана ұжымы