«Абай үні – балалар жүрегінде» атты дауыстап оқу шарасы


Ақжарма ауылдық кітапханасында 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Абай үні – балалар жүрегінде» атты дауыстап оқу болып өтті. Шараға №130 Абай орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты. Дауыстап кітап оқудың мақсаты: оқушылардың руханиятқа деген талпыныстарын ояту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Шараны кітапханашы кіріспе сөзбен ашып ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Оқушылар М.Бердіхожаева, Н.Берікқызы,З.Махашова, М.Батырбекұлы, Ұ.Асқаровалар Абай Құнанбаевтың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтты. Сөз кезегін алған сынып жетекшісі Болысбекұлы Абайдың мол мұрасын қанша жаттап үйренсеңдерде ешқашан артық етпейтінің, оның әрбір айтылған сөзі өнеге, тәрбиелік мәні зор екенің айтып осындай шараны ұйымдастырып отырған кітапханашы мен «Ақ қауырсын» клуб мүшелеріне алғысын білдірді. Шара барысында кітапханашы «Абай мұрасы мәңгілік мирас» атты кен көлемді кітап көрмесімен таныстырды. Нәтижесінде кітапханаға 5 оқырман тіркелді.

Шараға қатысушылар «Абай мұрасы мәңгілік мирас» атты көрме  М. Бердіқожаева Абайдың қара сөздерін дауыстап оқыды.