«Астана – өркениет ордасы» тақырыбындағы кітап көрмесі


Дауыстап оқу» болып өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Мәдени шара мақсатымен кеш қонақтарын таныстырған кітапханашы Л.Абдреймова: «Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз», деп атап көрсетті. Осыған байланысты, бас қаламыз – Астананың 20 жылдық қалыптасу және қарышты даму кезеңі хақындағы ой-толғанысымызды ортаға салмақпыз. Осыдан 20 жыл бұрын, шілденің 6-жұлдызында әсем де сұлу қала дүниеге келді. Бұл қала Қазақстан Республикасының бас қаласы болып жарияланды. Бүгін, міне, өзінің 20 жылдығын тойлап жатқан бұл жас қала ең көркем қалалардың қатарына қосылды. Ол барша қазақстандықтар үшін үлкен қуаныш»-ендеше осы тойдың жалғасы біздің ауылдық кітапханада өткелі отырған
«Жаса мәңгі – Астана». Мәдени шарамыз деді. Мәдени шара барысында Еліміздің елордасы Ақмолаға қоныс аударғаннан бергі өткен 20 жыл ішіндегі тарихы мен жеткен жетістіктері кеңінен сөз болып, мектеп оқушылары:
Маралтай Райымбекұлы «Астанам менің» оыған Ақбаян Тілеуқабыл
Күлзира Әубәкірова «Жасай бер,жаса Астана»- Зұлпықар Ақтамберді
Жомарт Игіман «ШАТТЫҚ КҮЙІ ШАРТАРАПҚА ЖОЛ ШЕКТІ» – оқыған Маралбекұлы Нұрасыл Қалқаман Саринның «Астана» – өлеңін Табынбай Рахат
«Астанамыз-Айбарындай Қазақтың»- Оразалина Зарина
Нағашыбай Мұқатовтың «Ұлтымның ұлы адамы»-өлеңін Рүстембек Алтынай «Тұлғасыз Тұрандағы артық туған»-оқыған Руфатұлы Нұрислам және т.б. мектеп оқушылары мәнерлеп жатқа оқыса, «Астана-Бәйтерек» монументі тарихы бойынша Зұлпыхар Ақтамберді мен Табынбай Рахат сахналық қойылым жасап, Астана қаласының символы «Бәйтерек» монументінің шығу тарихымен таныстырды. Сондай-ақ Әділбек Асылзат «Атамекен», Жақсылық Нұрдана «Ару Астана» әндерін шырқап кеш қонақтарының көзайымына айналды. Кеште сөз алған ауыл ардагерлері Мақашов Біләл әке, Сұлтанов Абзал ағайлар Еліміздің 20 жыл ішіндегі тарихына тоқталып, ел ертеңі сіздерсіздер-деп балаларға бата берді. Мәдени шараны қортындылаған кітапханашы «Астана-өркениет ордасы» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырып, кеш соңында мәдени шара қатысушыларымен естелік суретке түсті.