«Ақша бұлттан елге сәлем жолдаған» атты дауыстап оқу сайысы


22 ақпан күні Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған «Туған жер» жобасы мен биылғы жылғы Сырдария ауданының 90 жылдығына орай жерлесіміз, Белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік Алғашқы Әнұранының авторларының бірі – Жадыра Дәрібаеваның 70 жасқа толуына орай «Ақша бұлттан елге сәлем жолдаған» атты, мектеп оқушылары арасында ақынның өлеңдерін дауыстап оқу сайысы өтті. Мектеп оқушылары мен ұстаздар,кітапхана оқырмандары қатысты барлығы 38 адам қатысты. Сайыс барысында ақынның өмір жолы, шығармашылығы кеңінен насихатталды.

Мәдени шараның мақсаты: Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Сыр елінің әдебиетіне үлес қосқан жергілікті ақын шығармашылық мұраларын таныта отырып, ақының өлеңдерінің идеясын меңгерту.

Сайыс барысында ақынның өмір жолы, шығармашылығы кеңінен насихатталды. Сайысқа білікті мамандар қазылық жасады. Сайысқа 15 оқушы қатысып, нәтижесінде «Бас жүлдемен» Нұғмадилла Нұржан, бірінші орынмен Бердібек Нұрай, екінші орын Рүстембекова Алтынай, үшінші орын Мұратова Наргиза және қалған оқушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.

Аталмыш іс-шара соңыңда ақынға арналған «Сыр елім-атажұртым » атты кітап көрмесі ұсынылды. Онда кітапхана қорындағы ақын Жадыра Дәрібаеваға байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі мәліметер орын алды. Кітапханаға жаңадан төрт оқырман жазылды.

№5филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Рухы биік ақын» атты әдеби-жыр кеші кітапхана оқырмандары А.Тоқмағамбетов атындағы №135 мектептің 8,7 6 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты барлығы 26 адам қатысты.

Мәдени шараның мақсаты: Ақынның бай мұрасын жастарға өнеге, ұрпаққа ұлағат етіп, рухы биік, таланты тегеурінді біртума тұлғаның биік рухына тағзым ету, жастардың бойына ұлтжандылық пен рухани құндылықтарды сіңіре отырып, қазақстандық патриотизмге, білікті де білімді жастарды тәрбиелеу; сондай-ақ жүрегінде жалын бар жас жыр сүйер ұрпақтың дарынын танып, талабын шыңдау.

Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып,ақынның өмір жолымен таныстырып өтті. Бүгінгі кешіміз үш бөлімнен тұрады:Бірінші бөлім жас ақындардың ақын туралы өз туындысын немесе ақын-жазушылардың арнау өлеңдерін мәнерлеп оқуы.Екінші бөлім оқушылардың ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқуы.

Үшінші бөлім ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға арналған сұрақ жауап.

Іс-шара барысында оқушылар ақынның қиын да күрделі өмір жолдарынан деректер келтіріп,арнау өлеңдер оқыды. 9 а сынып оқушысы Жолшыбек Жұмабек «Мағжанға арнау», 9б сынып оқушысы Болат Зейнеп «Мәңгілік ғұмыр», 9б сынып оқушысы Шорабаева Гүлжайна «Жалынды жас ақынның рухына».Ақынның өлеңдерін«Шабыт»поэзия клубы мүшелері мәнерлеп оқуы әр оқушы жүрегіне жол тартты 9 б сынып оқушысы Жақсылықов Ержан «Мен жастарға сенемін», 9 б сынып оқушысы Омар Ердәулет «Қазақ тілі», 9 а сынып оқушысы Ерғазиева «Туған жер», 9 а сынып оқушысы Мұхамедиярова Тоғжан «Толған ай»,«Алтын хакім Абайға», 9 а сынып оқушысы Асанова Әйгерім«Өнер- білім қайтсе табылар», 9 б сынып оқушысы Әбілдаева Аңсаған«Сен сұлу», 9 б сынып оқушысы Бегімбаева«Сүйемін», 9б сынып оқушысы Бағыбергенова Айшагүл”Жазғы таң”, 9 б сынып оқушысы Омар Әбу”Қазағым” өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Сөз соңында айтарымыз, күллі түркі халықтарының мақтанышына айналған, көзі тірісінде-ақ мәңгілік сөнбес Шолпан жұлдыздай жарқырап шыққан Мағжан ақын жырлары уақыт өткен сайын жаңа қырынан танылып, жас оқырманын жүрегінен орын тауып отырары сөзсіз. Ал, оқушылардың ақын шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерінің артуы бұл іс-шарамен шектелмесі анық.

Аталмыш іс-шара соңыңда ақынға арналған «Жырымен жұртын оятқан » атты кітап көрмесі ұсынылды. Онда кітапхана қорындағы М.Жұмабаевқа байланысты әдебиеттер, мерзімді басылым беттерінде әр жылдарда жарық көрген мақалалар және ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметер орын алды. Іс-шараға қатысушы кітапхана оқырманы Есенбаева Манат өз ризашылықтарын білдіріп, кітапханаға жемісті еңбек тіледі.