«Балалар бағбаны» атты дауыстап оқу кеші


Іңкәрдария ауылдық моделді кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың оқу залында Қазақстанның халық ақыны Мұзаппар Әлімбаевтың 95 жасқа толуына орай, аудан көлемінде «Дауыстап оқу» жобасы аясында «Балалар бағбаны» атты дауыстап оқу кеші болып өтті. Кешке 22 адам қатысты. Кештің мақсаты: Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдері арқылы жас оқырмандарды адамгершілікке, адал болуына, балалар әдеби кітаптарына деген қызығушылығын арттыру, балалар журналдарына деген ізденіс, белсенділіктерін нығайту мақсатында ұйымдастырылды.Кеште кітапханашы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырып өтті. Кеш өтетін орынға ақын шығармаларынан «Өлең кернеп барады жүрегімді» атты кітап көрмесін ұйымдастырып әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады. Дауытсап оқу кешінде оқушылар ақынның «Жан сырымды көрінгенге шертем бе» Күмісбекұлы Ақылжан, «Ана тілім» Шынғысбекұлы Азат, «Өз бағыңды өзің біл» Бердібай Рахман, «Түс» Қорғанбай Нұрай, «Көктем. Күз» Әбдірахманова Асылзаттар жатқа оқыды.Сонымен қатар кеште ақынның «Аянның алақаны» атты кітабының кейіпкері Ая қыз, Мұзаппар атаның шығармашылығымен жақсы таныс, кішкене кезінен оның өлеңдерін сүйіп оқитын Білгішбек, Еріншектер елінен Ертеңбай кейіпкерлерін оқушылар сомдап көрністер қойды.