«Балалар бағының бағбандары» атты балалар жазушыларының шығармалары


«Дауыстап кітап оқу-руханиятқа талпынысты ояту»

С Сейфуллин ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ақ көгершін» балабақшасында 2 сәуір халықаралық балалар кітабы күніне орай « Балалар бағының бағбандары»атты балалар жазушыларының шығармаларынан кітаптар жәрмеңкесі және

«Дауыстап кітап оқу-руханиятқа талпынысты ояту» жобасы аясында «Тыңда балам ертегі, ертегі сыр шертеді» қазақ ертегілерін насихаттау мақсатында мәдени- шара болып өтті.

Шараға ересектер тобының тәрбиеленушілері, балабақша тәрбиешілері мен балабақша меңгерушісі қатысты.

Мақсаты- Балаларға қазақ ертегілерінің маңызы мен мазмұнын түсіндіру, ертегі оқуға, тыңдауға үйрету, ертегі арқылы болашақ қиялы мен ой-өрісін кеңейту, ертегілердің тәрбиелік мәнін түсіндіру, баланың сөздік қорын жетілдіру.

Фольклордың қара сөзбен айтылатын ерекше түрінің бірі-ертегі. Ол халықтың ауызша айтылатын көркем әңгімесі. Осы ауызша әңгімелер, ертегілер арқылы халық бақыт туралы, еркін өмір жайлы армандарын баяндайды .Қазақ ертегісі ескі замандардан бастап, беріде болған талай ұзақ дәуірлердің кездерінде туған , өсіп-өніп келе жатқан мол дүние-деп кітапханашы Нұрышева Лаура кіріспе сөзбен ашты.

Шарада кітапханашы балаларға қазақ ертегілерін соның ішінде « Қасқыр мен жеті лақ» , « Үш аю» , « Айлакер түлкі» «Жолбарыс пен тышқан» , «Піл мен тышқан» , « Бала мен қарлығаш» ертегілерін дауыстап оқып, мазмұнын айтып берді. Шарада сөз сөйлеген балабақша тәрбиешісі Орынбасарова Лиза ертегілердің мазмұны мен ертегілердегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлердің іс- әрекеттеріне тоқталып өтті.

Әрбір ертегі арқылы біз ата- бабаларымыздың ой- қиялдарын , тұрмыс- салтын тіл байлығын білеміз. Әр елдің , әр халықтың ертегілері сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы.

Мысалы балаларға арналған ертегілер баланы адалдыққа , тапқырлыққа , адамгершілікке тәрбиелейді.

Ауыз әдебиеттінің басқа салалары сияқты ертегілерде адам баласының еңбекке , тұрмыс- тіршілік жағдайына байланысты туған.

Сол себепте балаларға ертегі оқыту, тыңдату артық болмас-деп кешті кітапханашы қортындылады.

Сонымен қатар шарада 2- сәуір халықаралық балалар кітабы күніне орай

« Балалар бағының бағбандары» атты балалар жазушыларының кітаптарынан кітаптар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жазушы Әдібай Табылдының шығармаларын, Мұзафар Әлімбаевтың «Балдәурен» жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» кітаптарына библиографиялық шолу жасалды.

Төрайымы         Ізімбетова Ж

Хатшы                Нұрышева Л